Бабамыз Құрманғазыны жас талантты өнерлі күйшілермен, жетекшілерімен, әрі көрермен қауыммен бірге еске алдық.
Домбырашылар мен қобызшылардың қалалық байқауында 9-11, 12-14, 15-19 жас аралығындағы талантты, өнерлі жастарымыз қатысты.
Ереже бойынша, қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін орындады.

Қадірлі баға беруші әділқазыларымыз, •Рудный музыкалық колледж ұстазы, медсенат клубының иегері, Қостанай қазақ оркестрінің мүшесі - Мухиядинов Ербол Ишанбекович,

•Облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты, өнер жанашыры - Қыпшақбаева Шолпан Серикалиевна,

•Рудный музыкалық колледж ұстазы, Қостанай қазақ оркестрінің мүшесі, бірнеше қазақ ансамблінің жетекшісі - Ыбырай Ауезханович

• Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Рудный музыкалық колледжінде білім алып, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы консерваторияда білімін жетілдіріп жүрген Ердаулетов Абылайхан Бауыржанұлы байқауымызға өз бағасын беріп, бағалы сыйлақтармен, дипломдармен марапаттады.

Қатысушыларымыз, өнер сүйер көрермендер дән риза болғаны сонша жыл сайын күй байқауын өткізуімізді сұрады.
Күй халықтың мұң-шерін, арман-қуанышын, халық жағдайын домбыра, қобыз, т.б аспаптар арқылы жеткізетін сазды әуен. Күй атасы Құрманғазының күйлері атадан- балаға болып мұраға қалған, оны қастерлеуіміз біздің борышымыз, - дей отыра байқауымызды аяқтауға тура келді.

Байқауымызға қатысқан әрбір талант иелерін, зор үлес қосқан жетекшілеріне, әділқазыларға, уақыт бөліп келген көрермен қауымға КХШҮ "Алые паруса" өнер үйі атынан алғыс айтамыз. Шығармашылық шабыт, қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!

Домбра