Ақ түйенің қарны жарылған, Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы бойына барлық салт-дәстүрлер мен ұлт ерекшелігін жинаған ерекше күн. Бұл күні жас-кәрісі бірігіп, ауыл-аймақ болып тойлатқан. Бүгін де өз ерекшеліктерін, мәні мен мағынасын жоғалтқан жоқ. Осы мақсатта елімізде болып жатқан қатаң шектеу шараларынан кейін қаламыздың өнерпаздарының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, алғашқы көрермендермен бірге «Армысың, әз Наурыз!» атты концерттік бағдарламасы «Орбита» демалыс орталығында ұйымдастырылды.
Көрермен саны белгілі шектеулерге байланысты азайтылды.
Олар - қаланың ардагерлері мен зейнеткерлері, сондай ақ, қаланың ұлттық шығармашылық ұжымының өкілдері.
Шырқалған әндер мен аспаптық орындаудағы әуезді сазы жиналған қауымға керемет әсер сыйлады. Көрермен қауым, әр нөмірден әсем әсер алып, барша өнерпаздарға қолдау көрсетіп, қошеметке бөледі.

Примите наши поздравления с Наурызом! История его празднования уходит в глубины времен, но неизменным остается то, что это праздник весны, жизни и любви. И в этот день я хочу желаем вам крепко ценить свободу, жить с легким сердцем и исполнять все мечты!
Наурыз құтты болсын!!!

Праздничное настроение вам дарили лучшие артисты нашего города:

ДСНТ "Алые паруса "

ЦД "Орбита" @c_d_orbita

клуб "Арман" @arman_klub

Дворец развития и творчества @dvorecrazvitia

@culture_rudnyi
@rudny_official

 

концерт часть 1