Ән - халық мұрасы. Халық әндері – сарқылмас қазына.
2017жылғы 27 қазанда «Алые паруса» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы үйінде елбасының «Рухани жаңғыру»мақаласын жаңғырту мақсатында, ән өнерінің құдыретін жоғалтпау үшін, қазақ халық әндері мен музыкасын насихаттау, жаңғырту мен жаңа таланттарды анықтау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қазақ халық әндерінің «Әсем әнім» атты қалалық фестивалі биыл да жалғасын тапты.
Фестивальге жас ерекшеліктеріне байланысты 8 - 15 жас және
16 – жоғары жастағы өнерпаздар вокал жанры бойынша өнер көрсетті. Өтініш білдірген өнерпаздар қалалық мектептер мен арнайы мамандар даярлайтын оқу орындарынан, сондай-ақ зейнеткер жастағы үміткерлер де болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша барлық өнерпаздар үздік орындаушылық шеберліктері үшін және қазақ өнерін насихаттағаны үшін арнайы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
I орын – Амирханова Асемай (11 лет) №7 мектеп-гим
II орын – Канафин Абылхайыр (12 лет) №7 мектеп -гим
III орын – Mұқан Аружан (14 лет) №7 мектеп-гим
III орын – Жақсымуратов Ерулан (11 лет)№ 13 мектеп
I орын– ИбраевЕрболат (19 лет) РМК
II орын – Бердімұрат Ақмарал (18 лет) РӘГК
III орын – Құткелді Арман (17 лет) РМК