Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелерінің қорғанышы, балаларының ақылшысы, асқар тауы – қымбатты да , ардақты қарттарымызды төл мерекелірімен құттықтап, оларға құрмет көрсету, қолдау көрсету мақсатында, қарттар күнін атап өту бүгінгі күні дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды.
2017 жылғы 4 қазанда «Алые паруса» КХШҮ -де қарттар күні мерекесіне орай елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында, алғаш рет «Ал, қанекей әжелер» атты қалалық әжелер сайысы өтті.
Сайысқа қатысу үшін қалалық мектептер мен балабақшалардан сегіз әже өтініш тапсырды. Ереже сәйкес қатысушылар - 5 кезең бойынша сайысқа түсті. Әжелеріміз жан-жақты өздерін және өз отбасын таныстырып қана қоймай, сонымен қатар ақ бата беріп, көрерменге жақсы көңіл - күй сыйлады.
Әділқазы алқасы сайыстың ережесене сүйене отырып, сайыстың қорытындысын шығарды.
Сайыс қорытындысы бойыншы, әжелеріміз шығармашылық шеберліктері үшін арнайы номинациялар бойынша алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.
Атап өтсек, Кудебаева Күләш әже (І-орын), Қайыркенова Шәмшия әже (ІІ-орын), Маханбетова Амангүл және Елеуова Жамиля (ІІІ-орын) әжелеріміз сайыста жүлделі орындарға ие болды.
Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу мен әже тәрбиесін үлгі ету, олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану, қазақы салт-дәстүрді дәріптеу, жаңа буынға насихаттау, мұра ету үшін осындай іс-шаралардың өтуі жастар үшін маңызы өте зор.