Печать
Просмотров: 3233

1

 

Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2017жылдың 14 сәуірінде Қалалық тілдерді оқыту орталығы мен орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өткен болатын. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Рудный құрылыс және көлік колледж студенттерімен №7 мектеп-гимназия, № 13 және № 15, № 19 орта мектеп оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауының бірінші бөлімінде Оралхан Бөкей шығармаларынан үзінді оқу, монолог оқу, мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыста барлық қатысушылар өздерінің өнерлерін көрсете алды. Ерекше атап өтетін болсақ, оқу мәнерімен көзге түскен «№7 мектеп-гимназия» оқушылары Сәбитбек Мақсат, Кулахметова Жансая және «№15 орта мектеп» оқушысы Досанова Малика, Рудный құрылыс және көлік колледж студенті Тұңғышбаев Кеулимшат.

Әділ қазылардың шешімі бойынша көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталып, «№7 мектеп-гимназия» оқушылары - Сәбитбек Мақсат – бірінші орын, екінші орын - Кулахметова Жансая иеленсе, үшінші орын «№15 орта мектебінің» оқушысы Досанова Малика алды. Жүлделі иегерлері мадақтама мен естелік сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Қалалық аймақта көркемсөз оқу шеберлері байқаулары алда да жиі өтіп, осындай қатысушыларымыз өнерлерін көрсетіп, талантты жастар көп болсын.

  

Конкурс чтецов выразительного чтения.

ГУ «Городским отделом культуры и развития языков» акимата города Рудного в целях расширения сферы употребления государственного языка, пробуждения интереса к художественной литературе, а также для отбора талантливой, инициативной молодежи 14 апреля 2017 года проведен городской конкурс чтецов выразительного чтения им. О.Бөкей. В конкурсе выразительного чтения участвовали: студенты Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. Ы.Алтынсарина, Рудненского колледжа строительства и транспорта, ученики школы-гимназии №7, средней школы №13, №19. В первом туре конкурса участники читали выразительно отрывки из прозы и монологи из драматических произведении Оралхан Бөкей.

В конкурсе участники продемонстрировали свое искусство. Особенно выделились в выразительном чтении ученики школы-гимназии №7 Сабитбек Максат, Кулахметова Жансая, и ученица средней школы №15 Досанова Малика, также студент Рудненского колледжа строительства и транспорта Тұңғышбаев Кеулимшат.

По решению жюри были определены следующие победители: І место -Сабитбек Максат, ІІ место - Кулахметова Жансая, ІІІ место - Досанова Малика. Победители награждены грамотами и ценными подарками. Остальные участники получили благодарственные письма.

В дальнейшем хотелось бы, чтобы такие городские конкурсы чтецов выразительного чтения проводились чаще, для поддержки талантливой молодежи в искусстве выразительного чтения.

1