Печать
Просмотров: 3195

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады.Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҚР ҰҚК сыйақы төлейді.

Бұл ретте ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен  терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілген.

Сыйақы айыпты адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабымен терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, 750 ден бастап 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2016 жылға арналған бір АЕК 2121 теңге) бір рет төленеді.

ҚР ҰҚК аумақтық органы терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы 3 күн ішінде хабарлайды.

Сыйақы төлеу тиісті ақшалай қаражатты хабарлаған адамның банк шотына аудару жолымен тиісті қаулы шыққаннан кейін 60 күн ішінде жүргізіледі. Бұл ретте аталған ақпаратты берген адам 3 күн ішінде оның шотына ақшалай қаражат аударылғаны туралы хабардар етілуге тиіс.

Берілген  терроризм қаупі белгілері бар ақпарат расталмаған жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабардан (ҚР ҚК 273-бабы) басқа, хабарлаған адамның жауапкершілікке тартылмайтындығын атап өткен жөн.

Сыйақы белгілеудің және төлеудің неғұрлым толық тетігі ҚР  Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен бекітілген қағидаларында жазылған.

 

В соответствии со статьей 9 Закона РК «О противодействии терроризму» предоставление государственным органам информации о готовящихся или совершенных актах терроризма расценивается как исполнение гражданского долга. За информацию, которая помогла предотвратить или пресечь акт терроризма, КНБ РК выплачивается вознаграждение. 

При этом постановлением Правительства РК №685 от 9 ноября т.г. утверждены правила установления и выплаты вознаграждения гражданам за информацию, которая помогла предотвратить или пресечь акт терроризма.

Вознаграждение выплачивается единовременнопо уголовным делам об акте терроризма по статье 255 Уголовного кодекса РК в размере от 750 до 1000 месячных расчетных показателей (1 МРП на 2016 год равен 2121 тенге) в том случае, если в отношении виновного лица вступил в законную силу обвинительный приговор.

Территориальный орган КНБ РК в течение 3 дней уведомляет лицо, сообщившее отмеченную информацию возникновении права на получение вознаграждения.

Выплата вознаграждения производиться в течение 60 дней после издания соответствующего приказа, путем перечисления соответствующих денежных средствна банковский счет соответствующего лица. При этом в 3-дневный срок лицо, сообщившее отмеченную информацию, подлежит уведомлениюо перечислении денежных средствна его счет.

Необходимо отметить, что лицо не подлежит привлечению к ответственности в случае неподтверждения информации с признаками угрозы акта терроризма, за исключением заведомо ложного сообщения о готовящемся акте терроризма (ст. 273 УК РК).

Более подробный механизм установления и выплаты вознаграждения изложены в соответствующих правилах, утвержденных постановлением Правительства РК №685 от 9 ноября т.г.