Копия DSCN2096

Қарттар күні!

Қазақ жұрты қашанда қартын сыйлай білген. Баршамыз білетіндей 1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қазанның 1-ін Халықаралық қарттар күні деп бекіткен болатын. Бұл расыменде осы ұйымның қолдауымен өмірге келген – «Құрмет» күні. Бірақ, қарттарды қазанда ғана сыйлау керек деген ұғым есем бұл. Олай айтудан да аулақпыз. Қазыналы қарттарымызды жылына 365 күн төрімізге шығарсақ та аздық етпесі анық.

Осы орайда Рудный қаласындағы «Алые паруса» көркемөнерпаз халық шығармашылығы үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның басы- қасында осы өнер ордасының басшысы Әсел Тасмағанбетова өзі жүріп, қарттарға әнінде арнап үлгерді. Басшының өзі жүруі осы шараның маңыздылығын көрсетіп тұрғандай. Ал кеш барысында мың бұралған арулардан құралған «Аққу» би тобы, сонымен қатар қоңыр дауысымен келген қарттарды Канафин Абылхайыр қуантты.

Біз ардагерлер мен қарттар алдындағы өзіміздің парызымызды мойындаймыз. Бұл парыз - оларға күнделікті қамқорлық, қолдау көрсету арқылы  өтеледі. Осы сөзіміздің айғағы ұйымдастырылған шара.

 

DSCN2076

DSCN2078

DSCN2080

DSCN2084

DSCN2085

DSCN2096