J2acAeMtVkI

 

15.04.2017 жылы «Алые паруса» көркемөнерпаз халық шығармашылық үйінде, «Жадыра» қазақ әндерінің халық ансамбілінің есеп беру коцерті өтті. Сенбінің нұрлы күнінде Ансамбль өз көрермендеріне жақсы көңіл күй сыйлай білді. Ансамбль репертуарында 100-ден аса әндер жинағы бар, олар халық әндері, дәстүрлі әндер, заманауи әндер мен жергілікті авторлардың туындылары да бар. Орындалатын әндердің көбісі туған жерге, қаламызға, Қазақстанда тұратын ұлттардың салт-дәстүрлеріне арналған. «Жадыра» қазақ әндерінің халық ансамбілі – қалалық және облыстық концерттер мен театрланған бағдарламаларға белсенді қатысады. Ансамбль тек хормен ән шырқап қана қоймай, ансамбль мүшелері жеке әндер орындады:

  1. Какенов Жақсылық – «Қарғаш» әні

  2. Нурпеисова Айман – «Ағаларым» әні

  3. Ибраева Назифа және Таирова Ұлдай – «Сағындым» әні

  4. Аязбаева Зауреш – «Сұлу қыз» әні

  5. Айман Нурпеисова және Ибраева Назифа – «Толған-ай» әні

  6. Бирмуханова Аясофия, Ибраева Назифа – «Асыл анам әні  7. Баймурзенова Муслима, Жарилгатаева Канзада, Ибраева Назифа, Байтукова Орынбасар – «Сен үшін» әні

  8. Зиналиева Баян – «Аққулардың арманы» әні

  9. Қоянбаева Сауле – «Қазақ дастарханы» әні

  10. Ибраева Назифа, Жарилгатаева Канзада, Таирова Ұлдай – «Қазақ елі» әнін орындады.

Концерттік бағдарламаға «Алые паруса» көркемөнерпаз халық шығармашылық үйінің «Карамельки» би ұжымы және «Балдаурен» вокал тобының мүшесі Канафин Абылхайыр өз өнерлерін көрсетті.

Концерт соңында Ансабль мүшелері және «Алые паруса» КХШҮ ұжымы,

«Жадыра» ансамбілінің құралған күнінен бастап, көптеген жылдар бойы ұжымның старостасы болып жүрген, рух беруші жандардың бірі, ансамбль жетекшісі Владимир Лущтің тіреуіші болып жүрген Бирмуханова Аясофия Билялевнаны өтіп кеткен туылған күнімен шын жүректен құттықтады!

9kCsj6jRCgk

 

iHePpsArDYo

 

J2acAeMtVkI

 

KAKrdje6h M

 

Kgawt kbTdM

 

Mj2EHbjakNQ

 

N3 cMia9J1s

 

wrijXJLeq5A

 

z3atfryjT7Y

ZxOeKfOe7Is