DSCN1798 123

 

 

19 қыркүйек 2015ж

«Алые паруса» көркемөнерпаз халық шығармашылығы үйі

Өнер десе ішкен асын жерге қояр жердің бірі, кенді Рудный қаласы. Қала жастарының бос уақытын дала кезіп, жаман әдеттерге үйір болудан сақтайтын шаралар қалада жетерлік. Жасыратыны жоқ 21 ғасыр адамзатты толықтай болмаса да белгілі бір пайызға өзгерткені анық.

Ел ертеңі жастардың өмірі мен қоғамды рухани байытып жүрген өнер ордаларының бірі , «Алые паруса» көркемөнерпаз халық шығармашылығы үйі. Сөзіміз өтірік болмас үшін жоғарыда айтып өткен жалынды жолдарды бірер сөзбен дәлелдеп өтсек.

2015 жылдың қыркүйек айының 19 – шы жұлдызында аты аталған шығармашылық ордада жаңа мектеп жылы ашылуына орай шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуімен ашық есік күні өтті.

Шараның мақсаты – көркемөнерпаз халық шығармашылығы үйіне жас өнерпаздарды тарту. Шара барысында арулардан жасақталған «Аққу» би тобы, «Кнопочки» балалар би тобы, флеш мобтың көркін келтірген «Росинки» би тобы, сонымен қатар «I & CO» командасы және «Жарқын», «Балдәурен» вокал топтары өз өнерлерімен келген қонақтардың көңілінен шықты.

   19.09.2015 года в ДСНТ «Алые паруса» состоялось мероприятие

«День открытых дверей».

В концерте приняли участие все танцевальные коллективы дома творчества, а именно: танцевальный коллектив «Аққу», молодежный коллектив «Айко», детский танцевальный коллектив «Кнопочки», танцевальный коллектив «Уличные танцы». Каждый коллектив представил свое искусство, тем чем они занимались на протяжении всего времени. В конце они станцевали общий танец. Что говорит о дружелюбии коллективов. После концерта каждый желающий мог записаться в любой коллектив.

,

 

DSCN1988

 

DSCN1993

 

DSCN2003

 

DSCN2006

 

DSCN2008

 

 

DSCN2012

 

DSCN2016

 

DSCN2019

 

DSCN2021

 

DSCN2026